Түркістан облысында Полицейлер дронның көмегімен мал ұрлау әрі қаруды заңсыз пайдалану дерегі бойынша ағайынды жігіттерді ұстады. Бәйдібек ауданы ауылдарының бірінде 3 бас сиырды ұрлау фактісін анықтады. ЖедеЛ іздесіту барысында күдіктілер ұсталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардан 6 бас мал, аңшы мылтығы және іске қатысты өзгеде заттар тәркіленген. Ағайынды азаматтар ұрланған малды Ордабасы ауданының тұрғынына сатып үлгерген екен.
