УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

САЛЫҚ ТҮСІМІ — 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Түркістан облысы жүйелі әрі ұзақмерзімді экономикалық саясаттың нақты жемісін көрсетті. ӨңіРде алғаш рет салық түсімі 1 триллион теңгеде асты. Президент тапсырмасына сәйкес, облыста экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және адами капиталды күшейту бағытында кешенді жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы индустриялық даму кезеңіне нық қадам басты. Арнайы эканомикалық аймақ құрылып бүгінгі таңда аймақта жалпы құны 223 млрд теңгені құрайтын 20 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. желтоқсан айының өзінде 7 зауыт пайдалануға беріліп, 2 өндіріс орны мен 1 электр станциясының құрылысы басталды. Нәтижесінде шамамен 146 мың тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Сонымен қатар Отандық өндірісті кеңейту мақсатында облыстың барлық аудандарында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асып, қазірде облыс аумағында 238 гектарды құрайтын 21 шағын өндіріс алаңы құрылған.