УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ГАЗ ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛМАҒАН АУДАНДАР БАР

Облыста газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін күшейу жұмыстары аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтың басты назарында. Тапсырмаға сәйке өңірдің барлық аймақтарында Газ инспекциясы коммуналдық мемлекеттік мекмесін құру көзделген дегенмен 3 аймақта алі күнге дейін жоқ. Атап айтқанда Жетісай, Мақтаарал және Бәйдібек аудандары газ саласының қызметкерлері жоқ сектор ретінде қалып отыр. Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Айтуынша аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылып, жұмыс тобына 925 адам енгізілген. Жалпы облыс көлемінде 272 мың профилактикалық жұмыс жүргізілген. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұратын 2254 тұрғын үйлердің мұржалары тазартылып, аудандардағы инспекциялар арқылы 6 627 кемшілік қалпына келтірілді. Бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес облыста 131 мың газ датчиктері орнатылған. Жұмыс барысы күнделікті қадағалануда.