Түркістанда жаңа қала аумағындағы 5000 мың адамдық шетіттің айналасын көгалдандыру жұмыс жалғасуда . Мешіттің сыртқы ауласына ағаштар егіліп, жарықшамдар орнатылуда. Атқарылып жатқан жұмыстың барысымен облыс басшысы Нұралхан көшеровтың өзі танысты. Әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің жалпы ауданы 4650 шаршы метр. Абаттандыру жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» мекемесі жүргізіп жатыр, ал техникалық қадағалаушы «Сайрам құрылыс» ЖШС. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы 95% ға аяқталған. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген мешіт қазіргі заман талабына сай озық үлгіде салынуда. Құны 32 млрд. теңгені құрайды. Көгалдандыратын жер аумағы 4 гектардан асады.
