Биыл Түркістаннның ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектарға егіледі. Басым дақылдардың өндірісін дамытытуды субсидиялау бағдарламасы аясында жүгері мен мақсарының тоннасына субсидиялау қаражаты да бірнеше егесеге артып отыр. Атап айтқанда жүгерінің тоннасына енді 30 мың теңгеге дейін, ал мақсары 25 мың теңгеге дейін артады. Астық егіге дайындық пен көктемгі дала жұмыстарын сапалы атқару мәселесі өңір басшысының апаталық мәжілісінде талқыланды. Нұралхан Көшеров бұл сала бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. 919 мың гектардың 536 мың гектары жаздық дақылға, 208 мың гектар күздік егіске және қалған 175 мың гектарға жоңышқа егіледі. Биыл егіс құрлымын қалыптастыру үшін тиімділігі жоғары әрі құрғақшылыққа төзімді дақылдарға басымыдылық берген. Ал күрішті тек 3 жарым мың гекар жерге Шардара ауданында ғана егіледі. Мұндай шешім өткен жылы трансшекаралық өзендердегі судың тапшылығынан туып отыр екен.
2026 жылғы дала жұмыстарына 106 мың тоннадан астам жанар жағармай қажет деп анықталған. Оны боасту ақпан айынан бастау алады. Сонымен қатар минирералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 10 млрд қа жуық қаражат қарастырылған. Дала жұмыстарын атқаруға техникалардың 98 пайызы дайын тұр. Әрі техникалар паркін жаңату үшін тағы 2 мың жаңа техника сатып алу жоспарлануда, оған 16 млрд теңге қаражат бөлінген екен. Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру көрсеткішін арттыру да көзделіп отыр.
