УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

СУАРМАЛЫ ЖЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ: ЖАҢА СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНУДА

Облыс басшысының апталық мәжілісінде ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады. 2026 жылдың соңына дейін өңірде 2 су қоймасы пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда олардың бірінің жұмысы 75 пайызға аяқталып қойған екен. Мәжілісте Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жандандыру керек,- деген тапсырма берді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының айтуынша суармалы жерлердің жалпы көлемі 575 мың гектар. Су көлеміне биылғы лимит 2025 жылға қарағанда едәуір аз. Өңірге келетін судың 63 пайызы көрші мемлекеттен ағатын трасшекаралы өзендерге тиесілі. Оның өзі жаһандық жылудың әсерінен жыл сайын азайып барады.

Өткен жылы бекітілген лимиттің 88 пайызы баға босатылған екен. Қазір облыста 42 су қоймасы бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 9 млрд текше метрге жетеді. Бірақ су көлемі 47 пайыз деңгейде тұр. Суы көп қоймаларға Бөген,Шардара және Көксарай су қоймалары жатады. Алдағы жылдары облыстың бірнеше ауданында су қоймаларын салу жоспаралануда.