УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

КӘСІПОРЫН АШУҒА НИЕТТІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компания өкілдерімен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан және болашақта жоспарланған инвестициялық жобаларды талқыланды. Облыс басшысы Түркістан облысы шет елдік капитал үшін сенімді әріптес бола алатындығын жеткізді. Өңірде Қытай елінің үздік тәжірибесі негізінде су үнемдеу жабдықтарын өндіру қолға алынды. Жетісай ауданы Асықата кентіндегі индустриалдық аймақта масымен агроөндірістік кешенді дамыту жобасы іске асырылуда.Асықата кентіндегі индустриалды аймақта 8 гектар аумаққа 4 зауытты іске қоспақ. Бүгінде шетелдік инвестиция есебінен жобаның бірінші кезеңі бойынша 4 гектар жерге қуаттылығы 3000 тонна болатын ПВХ құбырын өндіру зауыты іске қосылған болатын.Одан өзге қуаттылығы 5000 тонна агрономикалық пленка өндірісі мен 5000 тонна гранула өндірісі іске қосылады. Инвесторлар жобаны іске асыру үшін 10 млн АҚШ долларын салмақ. Биыл жобаны толық іске асырылса 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, Жетісай ауданына 2025 жылы 42 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.