Бүгін Түркістанда түркі дүниесінің ойшылдары мен заңтанушылары бас қосып, «Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумын өткізді . Халықаралық симпозиум аясында өткен пленарлық отырыста мемлекеттік органдардың жоғары өкілдері түркі өркениетіндегі адамгершілік, әділет және жауапкершілік қағидаттарының бүгінгі құқықтық тәрбие мен мемлекеттік басқаруға әсері туралы ой бөлісті.
Ғалымдар дала құқықтық мәдениеті, билер институтының тәжірибесі, Ясауи іліміндегі әділет қағидалары мен түркі халықтарының қазіргі құқықтық санасын жаңа қырынан қарастырып, талқылады .
