УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«БАҒДАРШАМ — БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ» АТТЫ ТӘРБИЕЛІК ҚОЙЫЛЫМ КІШКЕНТАЙ КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістан театры балаларға жаңа сый жасады! Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тәрбиелік қойылымның тұсаукесері өтті.
Жол қауіпсіздігін баланың тілімен түсіндіретін бұл спектакльде бағдаршам белгілері, тротуар мен жаяу жүргіншілер өткеліндегі тәртіп қызықты оқиғалар арқылы көрсетілді. Түрлі-түсті декорациялар, заманауи би, әуен және интерактив балаларды ерекше атмосфераға жетеледі.
Қойылым тек жол ережелерін үйретіп қана қоймай, тазалық, тәртіп, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты маңызды құндылықтарды да насихаттайды дейді театр директоры Арман Алиев