Шымкентте ет бағасы тұрақты және тапшылық жоқ. Бұл туралы Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекембаев мәлімдеді. Сөзіне сүйенсек, бүгінде үшінші мегаполисте 60-қа жуық әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Сүйекті сиыр еті тұрақты бағамен келісі 3200 – 3300 теңге аралығында нарыққа шығады. Ал сиырдың жұмсақ еті «Каскасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісім шарт аясында еттің өткізу бағасы келісіне 2620 теңге болып бекітілген. Бұл баға әлеуметтік дүкендерде жарамды. Жауаптылар қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақыланатын және реттелетін сауда орындарына баруға шақырады.
Ет сататын арнайы әлеуметтік дүкенде сатушылар шекті бағадан асрымағандарын алға тартады.
