УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕСКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында облыстық «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.Байқаудың басты мақсаты – деструктивті діни ағымдардың алдын алу, осы бағытта жұмыс істеп жүрген мамандарды қолдау болып отыр. Шарада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытқан мамандар мен ұйымдар анықталды.

Қатысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды. Олардың қатарында «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы», «Үздік дін маманы», «Үздік зияткер имам», «Үздік сектор меңгерушісі», «Үздік мақала», «Үздік қарсы насихат парақшасы», «Үздік руханият орталығы» және «Үздік қарсы-насихаттық бейнеролик» бар. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да табысталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар берілді.