Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салли Аксуорси Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманмен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, әріптестік орнату бағытында келіссөз жүргізді. Елшіге Түркістан өңірінің туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. АЙТА КЕТСЕК, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан жылға артып келеді. Өткен жылдың қорытындысымен Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 886 млн. АҚШ долларын құрады.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салли Аксуорси қазақ тілінде пікір алмасып, әріптестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.
