Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Кездесуде әріптестікті нығайту, экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдету, инвестиция тарту мүмкіндіктері қаралып, келіссөздер жүргізілді.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік сипатында дамып, экономика, қорғаныс және мәдениет салаларын қамтиды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған.
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы. Мұнда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген ұлы тарихи ескерткіш – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Ал Үндістанда Тәж-Махал кесенесі бар. Осы ретте облыс әкімі өңірдің халықаралық әуежайының мүмкіндігін пайдаланып, әуе рейсін ашу жолын қарастыруды ұсынды.
Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сайлас Тангал туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктерге қызығушылық танытты.
