УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗДАР ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ

Түркістанда Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Сарбаздар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінде 1 жыл бойы әскери борышын өтеп, енді үйлеріне қайтты. Осы уақытта олар қала ішіндегі тыныштықты, тәртіпті сақтауға үлес қосты. Әскери борышын өтеу барысындағы үздіктер салтанатты жиында марапатталды.

Қуанышты шараға жауынгерлердің ата аналары да қатысты. Ал 12 үздік сарбаздың аналарының мерейі үстем болып, марапатталды. Дәл осындай қуанышқа ие болғандардың қатарында Тамара Икатқызы да бар. Айтуынша әскерге аттанған ұлын бір жылдан бері енді көріп отыр. Осы уақытта тақымын қысып, баласының амандығын тілеген ана ел алдындағы борышын үздік аяқтаған ұлының жетістігі үшін қуанышты екенін айтады.

Айта кетейік 5574 әскери бөлімінде әскери борышын аяқтаған сарбаздардың алғашқы легі. Енді Отан алдындағы борышын өтеген жауынгерлер жазда үйіне қайтарылады.