УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ» ! Түркістанда дәл осындай тақырыпты арқау еткен жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті. Шара аясында спикерлер мемлекеттік басқару жүйесіндегі әділдік пен адалдықты күшейту, жеке жауапкершілікті арттыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқыға салды. Қатысушылар «Адал азамат қандай болуы керек?» деген сұрақ төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұдан өзге, қазіргі заманның мемлекеттік қызметіне қойылатын талаптарды талқылады.

Форумға Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров және мемлекет қайраткері Оразкүл Асанғазықызы қатысып, жастарға бағыт-бағдар беретін ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен жас мамандар тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Бұл шара жас кадрларды шабыттандырып, қоғамға адал қызмет етудің, жауапкершілік пен парасаттылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен маңызды диалог алаңы болды.