Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы цифрлық жүйеге өтуді қарқынды түрде бастап кетті. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жолдауында жүктелген барлық саланы цифрлық форматқа көшіру тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда. Қазіргі таңда мұражай қорының құрамындағы ең құнды жәдігерлер e-Museum ақпараттық порталына енгізіліп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты — тарихи мұраны кең аудиторияға қолжетімді ету және оны заманауи форматта сақтау.
Алдағы уақытта мұражайдағы барлық экспонаттар толық цифрланып, порталға 3D форматта жүктеледі. Бұл келушілер мен зерттеушілерге жәдігерлерді онлайн режимде жан-жақты әрі қолайлы қарап шығуға мүмкіндік береді.
