Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Бұл жолы Сарыағаш ауданындағы «Айырылмас» этно-мәдени саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер және еріктілер қатысты.Сенбілік барысында 11 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді. Сонымен бірге тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 1000-ға жуық қап, қолғап, тырма, күрек секілді құрал-жабдықтар берілді. Аудан бойынша 3000-нан астам тұрғын сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны абаттандыру мен тазартуға үлес қосты.
