Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл жолы Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет жеке қабылдау өткізді. Кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарының түйіткілді мәселесін тыңдады. Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік саладағы проблеманы айтып келген. Бірі мүгедектігі бар баласына әлеуметтік көмек сұраса, келесі азамат жұмысқа орналастырып беруді өтінді. Сонымен қатар Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесін көтерді. Лагерьдегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына қатысты мәселелер де сөз болды.
Азаматтардың өтінішін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары барлық мәселенің тек белгіленген заң аясында шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Ашықтық қағидатына негізделген қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан бөлек, Созақ, Отырар, Жетісай, Мақтарал аудандарынан 15-ке жуық азамат келді. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.