Түркістан облысында медициналық авиация қызметінің жаңа ғимараты ел игілігіне берілді! Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Шымкентте орналасқан облыстық клиникалық аурухананың бұрынғы қан орталығы ғимараты теңгерімнен теңгерімге өткізілді.«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» өз қаражаты есебінен нысанды толық күрделі жөндеуден өткізді. Осылайша енді, медициналық авиация қызметкерлерінің өз ғимараты бар.
Жылдар бойы әр мекеменің бұрышын паналап келген медициналық авиация мамандары алғаш рет өз ғимаратына ие болды. Бұл – тек инфрақұрылымдық жетістік қана емес, өңірдің шұғыл медициналық көмекті жедел жеткізу мүмкіндігін күшейтетін маңызды қадам.
Қазіргі таңда Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем қызметі 2 миллионнан астам тұрғынға тәулік бойы көмек көрсетіп келеді. Мұнда 6 жедел жәрдем автокөлігіде қамтылған. Жаңа база медициналық авиацияның жұмысын жылдам әрі үйлесімді етуге жол ашады.
