«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шымкенттік оқушылар да ат салысып жатыр. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған шара №59 жалпы орта мектепте ерекше қарқынмен өтті. Оқушылар экологиялық бағыттағы ғылыми жобаларын да қорғады. Олар арнайы, ақылды қоқыс жәшігінде ойлап тапқан.
Тазалық күніне орай мектеп ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылып, оған оқушылар мен ұстаздар белсене атсалысты. Жас табиғат жанашырлары өз қолымен көшеттер отырғызып, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, жасыл аймаққа айналдырды.
Сондай-ақ, оқушылар үй жағдайында да түрлі үй гүлдері мен раушан гүлдерін отырғызып, экологиялық мәдениетті отбасынан бастаудың үлгісін көрсетті.
Айта кетейік, №59 мектепте бүгінде 1700-ден астам оқушы білім алуда. Олар жыл сайын экологиялық мәдениетті насихаттауға, табиғатты қорғауға бағытталған түрлі іс-шараларға белсенді қатысып келеді.Мектеп ұжымы мен оқушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жол ашады.