Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл жолы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды кезекті рет қабылдап, әріптестік орнату бойынша келіссөз жүргізді. Өңір басшысы облыста инвестрларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
ӨҢІРДЕ инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы да құрылған. Арнайы экономикалық аймақта салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктер арқылы инвесторларға қолдау көрсетілуде.
Кездесуде қос тарап әріптестікті нығайтып, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Келіссөздер сәтті өткен жағдайда жаңа жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Айта кетейік, Түркістан облысының инвестициялық климатын жақсарту, өңірге отандық және шетелдік капиталды тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
