УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АКАДЕМИК МҰҚАН ЕГІЗБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖЕТЕКШІ МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Мұқан егізбаевтың құрметіне арналған халықаралық конференция жалғасын тапты. Мультидисциплинарлық шараға Түркия, Ресейден келген мамандар қатысты. Алдымен жиналғандар қолы алтын ақ халатты абзал жан Мұқан Егізбаевтың есімін құрметпен еске алды. Жиналғагдар өмірін медицина саласына арнап, өңірдің денсаулық сақтау ісінің дамуына үлес қосқан азаматтың еңбегі туралы сөз қозғады.

Мастер класс аясында клиникалық медицинаның өзекті мәселелері бойынша тақырыптық баяндамалар оқылды. Түрлі оқу сессиялары да өткізілді. Бұдан өзге білікті мамандар инновациялық технологияларды енгізу бойынша өзара тәжірибесімен бөлісті.

Бағдарламаның ерекше бөлімі академик Мұқан Егізбаев атындағя сыйлықты табыстау рәсімі болды. Айта кетсек, бұл рәсім осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

Шара аясында бірқатар көрсетілімді оталар да жасалады деген жоспар бар.