УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АВТОГАЗ ЖЕТКІЛІКТІ: МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкентке бөлінген автогаз көлемі шаһарда тіркелген көліктер үшін жеткілікті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифинг барысында мәлімдеді. Сөзінше қазан айында қалаға 7мың 43 тонна мұнай газы бөлінсе, тапшылық сезілген соң министрлік тұтынушыларды тұрақты түрде сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін қосымша 1008 тонна бөліпті. Шаһарда автогазбен қамтамасыз ету жағдайы үнемі бақылауда. Шымкентте 463 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Олардың шамамен 15%-ы сұйытылған газбен жүреді. Жағдай жыл сайын тек газбен жүретін көліктердің көбеюінен ғана емес, транзиттік көліктер ағынының өсуінен де қиындап жатыр. Олардың қатарында Түркістан облысынан келетін жүк көліктері мен жеңіл автокөліктер де бар. Олар Шымкенттегі газ құю бекеттерінде жанармай құяды.

Еске салсақ осыған дейін, жүргізушілер көбінесе жанармай құю үшін ұзақ кезек күтуге, ал кейбір жанармай құю бекеттеріне алдын ала жазылуға мәжбүр екенін айтқан болатын.