Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, күн күрт суытты. Шаһар басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек мегарллисте ресми түрде дялу беру маусымы 1 қарашада басталғанын айтты. Сөзінше қаладағы әлеуметтік нысандарға толық жылу берілген. Десе де кейбір мекемеде техникалық ақау шыққаны жасырын емес. Оны реттеу жұмысы да дереу қолға алыныпты.
Ал нөмірі 7 Спатаев атындағы мектепте жылу жүйесі жарылған. Салдарынан уақытша жылу өшкен. Алайда жөндеу жұмысы дереу қолға алынған. Жалпы ілеуметтік маңызы бар нысандарға жылу қосу жұмысы басты назарға алынған.
Десе де әлеуметтік желіде емханада жылу беру көлемі төмен деген ақпар тараған. Сәрсен Абайұлы бұл жазбаға қатысты да ресми жауап берді.
