Шымкенттік мәдениет саласының өкілдері Президент жолдауын қолдайды. Бүгінде сала мамандары «Тіл, мәдениет, дәстүр – өркениетті қоғамның негізі» атты дөңгелек үстелде бас қосты. Олар Президент тапсырмасын орындау жолдарын талқылады.
Спикерлердің айтуынша, елдің дамуы ең алдымен рухани байлық пен мәдени тұтастыққа байланысты. Сол себепті мемлекеттік тілді дамыту мен ұлттық мәдениетті дәріптеу – әр азаматтың ортақ парызы болмақ . Шараға зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында тіл мен дәстүрдің қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен сөз болды.
