Шымкент гарнизонында орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы қысқы кезеңге дайын! Мұнда қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жөніндегі практикалық жұмыстар толық аяқталды. Іс-шаралар кешені төмен температура жағдайында машиналар мен механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталды. Әскери бөлімнің жеке құрамы маусымдық техникалық қызмет көрсетудің толық көлемін орындады. Әрбір техника бірлігі қысқы кезеңде сенімді пайдалануға мұқият дайындалды.
Дайындық барысында барлық жұмыс сұйықтықтары толықтай ауыстырылды. Қозғалтқыш майлары төмен тұтқырлы синтетикалық және жартылай синтетикалық түрлерге ауыстырылып, теріс температурада өз қасиеттерін сақтап, қозғалтқыш бөлшектерін суықта іске қосу кезінде тиімді майлауды қамтамасыз етеді. Ерекше назар гидравликалық жүйелерге аударылды. Тежегіш және басқару жүйелеріндегі жұмыс сұйықтықтары төмен температурада қатпайтын құрамдарға ауыстырылып, бұл жүйелердің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және мұз тығындарының пайда болуына жол бермейді.
Взвод командирі лейтенант Самат Шыныбектің айтуынша, техниканы қысқы кезеңге сапалы дайындау – оқу-жаттығу және жауынгерлік міндеттердің табысты орындалуының, сондай-ақ бөлімшенің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтаудың кепілі.
