УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкентте “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында түрлік іс шаралар легі жалғасуда. Бұл жолы құқық қорғау органдарының өкілдері Орталық Азия Инновациялық университетінде жастармен кездесті. Басқосуда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Мақсат Көшербаев, Тұран аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының капитаны Серікболсын Құрманбеков, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Шыңғысхан Мошқалов және “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшы орынбасары Аружан Әлжан қатысты. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлерін атап, оның алдын алу жолдарына тоқталды.Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен киберқауіпсіздік тақырыптары көтеріліп, нақты мысалдармен түсіндірілді.
Кездесу соңында студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.