Мектеп асханасына енгізілген Алақан жүйесі тиімділігін көрсетті. Себебі ақпараттық кешен баланың ыстық тамақ ішкен-ішпегенін тіркеп, ақпаратты автоматты түрде жолдап отырады. Тиісінше мемлекеттен бөлінетін қаражат тек оқушы ыстық тамақ ішкенде ғана төленеді. Осылайша қазан айында Шымкентте алақан жүйесі орнатылған мектептерде бюджеттің 122 млн теңгесі үнемделді. Сондықтан ақпраттық кешеннің тиімділігі дәлелденді деді, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
