Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиында басқарма басшылары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Алдымен шаһардың туризм саласында атқырылған жұмыс бойынша есеп берілді. барысында Белгілі болғандай, жыл басынан бері шаһардағы туристік нысандар мен бағыттар толықтай цифрландырылып, 7 ірі нысанды 3D форматында көру мүмкіндігі жасалған. Олардың қатарында Бәйдібек би ескерткіші, Қошқар ата бұлағы, зообақ және дендросаябақ бар.
Жиында кеңес мүшелері Шым қала тарихи-мәдени кешенін Мәдениет басқармасынан Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қарамағына қайтару жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл бастама — аталған кешеннің туристер көп баратын тарихи орындардың бірі болуымен байланысты.
Бұдан бөлек, Бадам өзенінің жағалауын туристік аймаққа айналдыру жобасы да талқыланды. Қазіргі таңда 53 гектар жер тиісті инвесторларға берілген, ал 2,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Осы аумақта глемпинг пен капсульді форматтағы туристік нысандар салу жоспарланған.
Сонымен қатар, Цифрландыру басқармасына қатысты да бірқатар ұсыныстар айтылды. Кеңес мүшелері басқармадан жасанды интеллект саласында жаңа стартаптар қосуды, тек Shymkent Hub аясында ғана емес, басқа жоғары оқу орындарымен бірлесіп жобалар әзірлеуді ұсынды.
Жиын соңында қатысушылар туризм мен цифрландыру саласындағы бастамалардың қаланың экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.