Шымкентте жастардың креативі мен табандылығын танытқан “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл додаға 84 үміткер қатысып, өз идеясы мен жобасын ұсынған. Осылайша жастар шын мәнінде елдің болашағы – талантты ұрпақтың қолында екенін дәлелдеді. Байқау Мәдениет, Ақпараттық технологиялар, Медиа, Ғылым, Волонтерство және Бизнес бағыттары бойынша өтті. Әр бағытқа сай үздік деп танылған 6 қатысушы жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімінде олардың әрқайсысына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.
Десе де судың да сұрауы бар! Бұл қаражатқа ұсынған жобаня жүзеге асыру қажет. Жыл соңында оныңда да есебі сұралатын болады.
