Шымкентте бозкілем қызып тұр: Мардан Сапарбаев атындағы турнирге төрт елдің балуандары жиналды. 27–29 қазан аралығында қала төрінде КСРО спорт шебері, академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған 31-ші мерейтойлық республикалық турнир өтіп жатыр.
Биылғы бәсекенің ауқымы бұрынғыдан да кең – Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Чехия елдерінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық мықты балуан бозкілем үстінде бақ сынауда. Жас спортшылар үшін бұл жарыс жай турнир емес, үлкен спортқа жолдама, намыстың, рухтың сыналар сәті. Әр белдесу –бір тарих, әр жеңіс –бір елдің абыройы.
Үздік шыққан балуандар тек алтын, күміс, қола медальдармен ғана емес, сонымен қатар 300 мың, 200 мың және 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылармен марапатталады. Айта кетейік әлем чемпинаттарында үздік шыққан Айдос Сұлтанғали Қызылорда облысының балуаны әлем чемпионы.
