Ауғанстаның кілемдерін Шымкенттен де таба аласыз! Мегаполисте Ауғанстан тауарларының халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылды. Сауда мен мәдени байланысты нығайтуды мақсат еткен шараға Ауған бизнесінің 180-нен астам өкілі қатысты. Көрмеде қонақтардың назарына қолмен тоқылған кілемдер, тәтті кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, кептірілген жемістер, зергерлік бұйымдар, былғары және тоқыма өнімдері, сондай-ақ дәстүрлі ауған өндірісінің құрылыс материалдары ұсынылды.Шараның ресми ашылу салтанатына еліміздің вице поемьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин арнайы қатысты.
Көрмеде ерекше қызығушылық тудырған тауарлардың бірі – Ауғанстанда өндірілетін табиғи шырындар. Құрамында ешқандай жасанды қоспасы жоқ, дәмі жемістерге бай өнімді келушілер стап та алып жатты. алдағы уақытта ауғаныстанда өндірілетін жаңа сусын түрлері нарыққа шығады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, мәдени байланыстарды да тереңдетеді. Шымкенттік ердің назарына Ауған тауарларының көрмесі 4 күнге созылады. Шара көрме орталығында өтуде.
