УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ҚАЗАҚ-АУҒАН БИЗНЕС ФОРУМЫ”: БІРЛЕСКЕН ЖОБА САНЫ АРТАДЫ

Шымкент тағы да достық пен іскерлік рухтың орталығына айналды! Мегаполисте Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы үшінші бизнес-форум жоғары деңгейде өтті. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында өткен кездесулер Шымкентте жалғасты. Форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Серік Жұманғарин Ауғанстан кәсіпкерлері делегациясын жылы қарсы алып, екіжақты келіссөздер жүргізді. Қос тараптар сауда, транзит және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдарын талқылады.

Снх жұмағадин шум

Ауғаныстандық кілем зауытының басшысы өз сөзінде, алғашқы екі форумнан кейін екі ел арасындағы сауда айтарлықтай жанданып, қазақстандық нарықта сұраныстың артқанын атап өтті. Ол бұл форум жаңа серіктестер мен инвесторлар табуға жол ашады деп сенеді. Әсіресе, шымкенттіктердің ауған кілемдеріне деген қызығушылығы жоғары екенін ерекше атап өтті.

Снх кілем басшысы

Форум соңында тараптар өзара тиімді келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ашуға уағдаласты.