Түркістан қаласында толық жаңғыртудан өткен «Парасат» саябағы халыққа есігін айқара ашты. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті құттықтап, жылы лебізін білдірді.
СНХ: Нұралхан КӨШЕРОВ
Түркістан облысының әкімі
Өңір басшысы саябақтағы футбол алаңшасында жасөспірімдермен кездесіп, саябақ аумағын аралап көрді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ШУМ концерт
Айта кетсек, «Парасат» саябағының жалпы аумағы 14 гектар. Демалыс орнында тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 2 мыңнан астам ағаш отырғызылып, заманауи жарықшамдар мен 100-ден астам орындық орнатылды. 7 мың шаршы метр аумаққа асфальт төселіп, балаларға арналған ойын алаңшалары, футбол, баскетбол және теннис алаңдары, веложолақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, сондай-ақ, жазғы сахна мен демалыс аймақтары қарастырылған.
