УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“СЕРТ БЕРУ” РӘСІМІ: ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкентте Республика күніне орай Сабыр рахымов атындағы әскери колледж ұландарының «Серт беру» рәсімі жоғары деңгейде өтті. Бұл күн жас ұландар үшін ерекше тарихи сәтке айналды. Өйткені серт беру — олардың Отанға адал болуға, оқу мен әскери тәртіпті бұлжытпай орындауға берген рухани анты.

Салтанатты шара барысында 140-тан астам әскери колледж тәрбиеленушілері еліміздің көк байрағы мен Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, “Елге, халыққа қызмет етуге, абыроймен оқуға және тәртіпті болуға серт беремін!” деп салтанатты түрде ант берді.

Дәстүрге айналған бұл рәсім – ұландардың бойында отансүйгіштік рухты оятып, ел қорғаны болуға деген сенімін күшейтеді. Шараға қатысқан ата-аналардың жүзінен – мақтаныш пен қуаныштың, ұлдарының ел қорғайтын ер азамат болып қалыптасып келе жатқанына деген риясыз сенімнің лебі де сезілді.

Мерекелік шара Республика күнімен үндесіп, елдік рухты, бірлікті және жас буынның Отан алдындағы жауапкершілігін айшықтады.Мереке аясында әскрии колледж қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.