Шымкенттің цифрлық әлеуметтік, және экономикалық бағыттарын дамыту мәселесі ел Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының алаңында талқыланды. Маңызды жиынға мәслихат төрағасы бастаған, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері мен Шымкент хаб өкілдері мен сарапшылар да қатысты. Қатысушылар жасанды интеллект жүйесін енгізу тетіктерін қарастырып, шаөардың әлеуетін көтерудің жолдарын ортаға салды. Басты мақсат, Мемлекет басшысының жолдауындағы басым бағыттар бойынша берілген тапсырманы орындау.
