УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ: 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ШЕРТТІ

« 100 домбыра — 1 үн !». Шымкентте РЕСПУБЛИКА күнін тойлау жалғасуда. Мерекеге орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде жүз домбырашы бір мезетте күй шертті.
Олар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін тартып шықты. Челленджге қатысқан домбырашылардың барлығы өнер факультетінің студенті емес. Болашақ физик, филолог, спортшылар мен түрлі салада дәріс беретін оқытушылар да
қазақтың қара домбырасында ерекше туындыны нақышына келтіріп ойнады.
Бүгінде жоғарғы оқу орнында түрлі үйірмелер  де жұмыс істейді.