УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жаңалықтарымызды жалғастырамыз! Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Түркістанда да Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, Сондай-ақ, еңбегімен дараланған төтенше жағдай қызметкерлерін марапаттады.

Бүгінде Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді.
Іс-шара барысында қызметтік борышын адал атқарып, кәсібіне беріктігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге Төтенше жағдайлар министірі Шыңғыс Әріновтың және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттары мен төсбелгілері табысталды.
Құтқарушылар күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.