Еліміздің ғалымдары Шымкентте бас қосты. Мегаполисте Тәңірберген Отарбаев және Қазақстанның Оңтүстігінде қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат елдің өткенін зерттеу мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын ашу. Айта кетсек, маңызды конференцияға қуғын-мүргінге ұшырағаназаматтардяң ұрпақтары да арнайы қатысты. Ғалымдар осыған дейін зерттеулер жүргізіп, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге ұмтылуда.
Айта кетейік, Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, танымал тарихшы ғалымдар, шет елдік және қазақстандық архив музейлерінің өкілдері, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.
Бұл жиын, сондай-ақ, қазақ халқының зиялыларының зұлмат кезеңіндегі қиындықтарын ұмытпауға, олардың ұлт үшін атқарған қызметін ұлықтауға арналған маңызды алаң болды.
Іс шара барысында ғылыми зерттеулер мен тарихи деректер талқыланып, алаш зиялалыларының қасіретті тағдыры, олардың отанға сіңірген еңбегі туралы терең ойлар айтылды.
Елімізде жүргізіліп жатқан тарихи зерттеулер мен археографиялық жұмыстар, қуғын-сүргіннің қасіретті кезеңі туралы жаңа деректердің ашылуына сеп болмақ. Алдағы уақытта шаһарда қуғын сүргінге ұшыраған азаматтардың есімдерін жаңғырту, ұрпаққа жеткізу үшін мұндай іс шаралар жалғасатын болады.
