Әскер қатарында абыроймен қызмет еткен Тас Нұр Төреханұлы бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасында білімін жалғастыруда. Ол мерзімді әскери қызметін Приозерск қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің әскери бөлімінде өтеді. Қызметін абыроймен аяқтаған соң, еліміздің Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы атанды. Бұл бағдарлама мерзімді әскери қызметін өтеген жастарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында Тас Нұр Қорғаныс министрлігінің грантына ие болды. Осылайша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетіне «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Болашақ офицер болуға деген ниетпен Тас Нұр 2025 жылдың ақпан айында университет жанындағы әскери кафедраға түсуге шешім қабылдап, қажетті құжаттарын дайындауға кіріскен. Маусым айында кәсіби-психологиялық және дене дайындығы сынақтарынан сәтті өтіп, әскери қызмет өткергенін ескере отырып, грант иегері атанды.Тас Нұр Төреханұлының арманы – болашақта офицер ретінде Отан алдындағы борышын жалғастыру.
