Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Бұл жолы жоба аясында “Таза бейсенбі” шарасы Қызылжар шағын ауданында ұйымдастырылды. Оған 40 коммуналдық мекеме қызметкері мен 70-ке жуық жергілікті тұрғын белсене қатысты. Осылайша олар, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстарына 3 арнайы техника жұмылдырылып, аудан аумағында шөп жұлу, қоқыс жинау секілді тазалық жұмыстары атқарылды. Айта кетейік тазалық акциясына “AMANAT” партиясының Шымкент қалалық «Аманат» партиясы филиалының өкілдері мен аудан ардагерлері де жұмыла атсалысты.
Айта кетсек, бұл күні Абай ауданы көлемінде өткен тазалық шарасына жалпы 100- ден астам адам жұмылдырылып, аудан аумағы қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
