Елдің Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Түркістанға келді. Басты мақсат экономикалық саясат пен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру. Ол үшін Киелі шаһарда Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен арнайы кездесу өтті. Жиынға
Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыстық маслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
ҚР Қаржы вице-министрі жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіріп, бизнесті қолдау, оның ішінде, арнайы салық режимдеріне тоқталды. Сонымен қатар, қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өзгеретінін айтты.
Жаңа кодексте салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар негізгі өзгерістер көзделген. Соның ішінде, салықтық есептілікті 30%-ға қысқарады. Ал, салықтардың саны 20%-ға азайтылады. Бұдан өзге, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру, дифференциалды ставкаларды енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына салық жүктемесін арттыру мәселесі де қаралған.
Жиын соңында кәсіпкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Ал
