«AMANAT» партиясы шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Басты мақсат – халықпен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді жедел әрі тиімді шешу жолдарын қарастыру. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көше жарықтандыру мәселесін көтерді. Бгдан өзге әлеуметтік сала бойынша сауалдарын қойғандар да бар.
Тұрғындар көтерген түйіткілдер бойынша нақты шешім қабылданады. Әр мәселе хаттамаға толтырылады. «AMANAT» партия өкілдері халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, оның шешімін нақты іспен көрсетуді – басты міндеттің бірі дейді.
Айта кетсек, халық қалаулылары шаһарда мобильді қабылдауларды жиі өткізіп, тұрғындармен тікелей диалог құруды дәстүрге айналдырған.
Қоғамдық қабылдаулар – тек мәселелерді айтатын орын ғана емес, оларды шешудің жолдарын бірге іздейтін алаң. Бұл жолы да тұрғындардың мәселелері елеусіз қалмайды.
