УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ ІС САПАР: ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкентке Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында еліміздің үшінші мегаполисіндегі Достық үйіне арнайы ат басын бұрған ол жаңғыртудан өткен этномұражай жұмысымен танысты. Мұражай экспозициясынан жергілікті этностар ұсынған тарихи жәдігерлерді тамашалады.

Осы күні Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділерімен еркін форматтағы кездесу өтті. Жастар мемлекеттік тілді насихаттау, патриоттық сана мен қоғамдық келісімді арттыру бағытында жүзеге асқан жобалар туралы баяндады.

Кездесу ашық пікір алмасуға, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік берді.
Кездесу соңында Марат Әзілханов жастар белсенділігін жоғары бағалап, алдағы жоспарларды нақтылап, белсенділерге алғыс хаттар табыстады.