УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

Жалғастырамыз! Марат Әзілхановтың Шымкенттегі іссапары аясында этономәдени бірлестік төрағаларымен кездесті ! Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жұмыс сапары аясында ҚХА төрағасынығ орынбасары Бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, этносаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың жаңа жолдарын да ұсынды.

 

Сондай ақ, ол ең алдымен қаладағы этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігімен танысып, олардың бастамалары мен жобаларын жоғары бағалады. Бұдан өзге жиында Марат Әзілхановқа түрлң ұсыныстар да айтылды.

 

Кездесулер тек пікір алмасумен шектелген жоқ. Қоғамдық жұмыстарға үлес қосып жүрген белсенді азаматтар марапатталып, ынталандыру шаралары да жүзеге асты.