УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ

Биыл Түркістан облысында шаруаларды қолдауға48 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шаруаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты. Арнайы субсидия мен жеңілдіктер өңірдің өзіндік кірістерін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Өңірде «Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау» бағдарламасы арқылы 4 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Бағдарлама арқылы жылыжай шаруашылықтарын қолдау нәтижесінде жылыжай өнімдерінің бағасы тұрақтанды. Ал, егіс көлемі мен алынған өнім көлемі артяп жатыр. 2023-2025 жылдары жылыжай өнімдерінің бағасы маусымаралық кезеңде төмендеген. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау бойыншп жол картасына сәйкес жұмыстар қолға алынған. Мәселен облысқа 2025 жылы 190 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш ендіру тапсырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге жоспар толық орындалды.