Шымкенттің әкімі қаланы көгалдандыруға өзі де атсалысып жүр. Шаһарда Таза қазақстан акциясы аясында Астана шағын ауданында орналасқан көше бойына Ғабит Сыздықбеков бастаған бірқатар шенеунік шынар ағаштарын екті. Жайлы ортаны қалыптастыру басқамасының мамандарының айтуынша бұл ағаштар мегаполистің климатына сай. Арнайы тұқымбақта өсірілген. Егілген шынар ағаштары қаланың көркін келтіріп қана қоймай ұзақ жыл өмір сүреді.
Шымкент қаласында көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Бүгінде 500 мың шаршы метрге көгал егіліп су жүйесі тартылған. Енді бұл аймаққа қысқа дейін ағаштар отырғызылып, күтіп баптауға мердігер мекеме де анықталады.
