УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІКТЕ ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік шарасы өтті. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Әкім Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағына көшет отырғызды. Осылайша демалыс аймағына 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті.

Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева.

Жалпы сенбілік шарасына облыс көлемінде 50 мыңнан астам тұрғын қатысты. Олар 17 мың ағаш көшетін екті.

Айта кетсек, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.