Шымкентте садақ атудан Қазақстан Республикасы Кубогінің финалы басталды!
Спорттық додп 6-10 қараша аралығында өтеді. Елдің ең үздік мергендері өзара бақ сынап, дәстүрлі жарысқа қатысуда. Қазіргі уақытта 64 мықты спортшы, еліміздің әр аймағынан іріктелген. Енді олар, Шымкент алаңында қарқынды бәсекеге ат салысып, үздік атнуға тырысады. Атап айтсақ Алматы, Астана, Ақмола облысы, Жетісу, Түркістан облыстары мен Батыс Қазақстаннан келген мергендер мықтылығын көрсетіп, финалдық кезеңде өнер көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, биылғы маусымның алғашқы үш кезеңі еліміздің әр өңірінде өтіп, мергендерді тексерген болатын: І кезең Шымкентте, ІІ кезең Талдықорғанда, ІІІ кезең Оралда өтті. Ал, шешуші IV кезең, яғни финал, тағы да мегаполисте өтіп жатыр.
Бұл жарыстың ең маңызды сәті – Қазақстанның ұлттық құрама командасының жасақталуы. Кубок қорытындысы бойынша үздіктер еліміздің атынан Азия чемпионатында бақ сынайды.
Елдің намысын қорғайтын спортшылардың есімдері дәл осы жарыс барысында анықталады.
