УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ӨҢІРДЕ 2600-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында 20 индустриалды аймақ құрылған. Қазіргі уақытта 50 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ алдағы уақытта тағы 48 инвестициялық жоба іске асады деп күтілуде. Ол кезде өңірде жұмыссыздар саны тағы 3 800-ге азаяды деп күтілуде. Бұл мәлімет Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде мәлім болды.
Облыс басшысы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуды тапсырды.

Ал бірінші жартыжылдықта кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі 12,5 млрд. теңгені құрады. Бюджетке 756 млн. теңгеден астам салық түскен.
Мәжілісте аудан, қалалардағы индустриалды аймақтардың жағдайы, онда жүзеге асырылып жатқан жобалар баяндалды.